quot;Нұр Ақтөбеquot; ауданында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт кешені салынады



Облыстық мәслихат депутаттары бүгін облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ескендірбек Махановты ортаға алып, жан-жақтан сұрақ жаудырды. Мәслихаттың кеңейтілген отырысында белгілі болғаны, шалғай ауылдардағы 177 білім беру мекемесінде спорт залы жоқ. Яғни, елді мекендердегі мектептердің 25 пайыздан астамы талапқа сай емес. Әрі бұл сандық көрсеткіш бірер жылдан бері алға жылжып, жақсармаған. Ақтөбеде иппотерапия дамымай тұр. Бар болғаны 2 жаттықтырушы 8 баламен шұғылданады. Ал тізімде 600-ден астам мүмкіндігі шектеулі бала бар. Атқарылып жатқан жұмыстар да аз емес. Мәселен, өңірде ат спорты мектебі болғанымен, ипподром жекенің қолында еді. Енді қалалық әкімдік арнайы жер бөліп, ұлттық спорт түрлерін дамытуға үлес қоспақ. Бір қиындық, мектептің ат алуға қаржысы жоқ. Сөйтіп, кәсіпкерлерге қолқа салды. Жоспар бойынша құны 3 миллиард теңгеден асатын Мұз сарайын чех елінің инвесторлары салуы мүмкін. Сонымен қатар, 11-ші ықшам ауданда 400 орынды залы бар хоккей модулінің құрылысы басталды. Батыс-2 ауданында жекпе-жек күрес сарайы да бой көтереді. Ал мүмкіндігі шектеулі жандар спорт кешеніне баруы үшін қала сыртындағы "Нұр Ақтөбе" ауданында қатынауға мәжбүр болады. Бұл депутаттардың наразылығын тудырды. Ескендірбек Махановтың сендіруінше, спорт басқармасының арнайы автобусы мен инватакси мүгедектерді тасып, олардың алаңсыз спортпен шұғылдануына жағдай жасалады. Айта кетейік, биыл облыстық спорт басқармасына бюджеттің 5 миллиард теңгесі берілген. Бұл қаржы түрлі жарыстар ұйымдастыруға, спортшылардың жалақысы мен кеңес алу жұмыстарына жаратылып жатыр. Биыл қаламыздағы "Қоныс" спорт сарайында гір көтеруден әлем чемионаты өтеді. Жарыс 26-шы қазанға жоспарланған. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы бұл жарысқа дайындық жұмыстарын бастады.

quot;Нұр Ақтөбеquot; ауданында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған спорт кешені салынады

ТОП новости

Вход

Меню пользователя